Мектепке дайындық тиімді бағада

0
3

Облыс орталығында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті. Шараға Түркістан және Шымкент қаласынан 20-ға жуық кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеде отандық өндірушілердің тауарлары басым болды. Атап айтар болсақ, жергілікті тігін кәсіпорындары “Turkistan textile” және жеке кәсіпкер “Әбдірахманов”-та өз тауарларын төмен бағада ұсынды. Жәрмеңкеде барлық баға нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен. Мектеп формаларының бағасы нарық бағасынан анағұрлым төмен. Жейделер 2000-3000 теңгеден, ұл балаларға арналған костюм-шалбар 12 000 теңгеден басталады.Таңдау – бар, тауар құны – арзан, сапасы да сай.

“Тігіп жатқан формаларымызда барлық жас пен өлшемді қамтып отырмыз. Біздің өнімдеріміздің сапасын көрген көрші облыстағы ата-аналар да тапсырыс беріп тіктіріп жатыр”-дейді жеке кәсіпкер Саржанова Халипа. Тауар құны әдеттегіден төмен болғандықтан, жәрмеңкеге өзге өңірлерден келгендер де бар.


ПІКІР ЖАЗУ