Мақтааралда “мектепке жол – шекарасыз жақсылық” науқандық акциясы өтті

0

Мақтаарал ауданында Республикалық “Мектепке жол – шекарасыз жақсылық” науқандық акциясы өтті.

Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шарада мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету – акцияның негізгі мақсаты.

Жәрмеңкеге облысымыздың және ауданымызың кәсіпкерлері қатысып, оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдіктермен ұсынып отыр. Айта кетейік, аталған науқандық акция ертең, яғни 21 тамыз күні де өз жалғасын табады.

 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ