Отырарда мектепке жол жәрмеңкесі өтуде

0

Бүгін таңертеңгі 9-00 ден бастап аудандық мәдениет сарайында «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтуде. Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, мектеп формаларын, қажетті кеңселік заттарды 10-15 пайызға төмен бағада ұсыну.

Шара барысында аудан әкмінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйледі, ол сөзінде «Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда, барша оқушыларды құттықтай отырып, білім мен ғылымға, жаңашылдыққа құштар болуға шақырамын! Сондай-ақ, жылдағы дәстүрдің ізін жалғап, демеушілік көмек көлемі жыл сайын артып келе жатқан «Мектепке жол» жәрмеңкесінің өтуіне қолдау білдірген ауданның барша кәсіпкер, демеуші азаматтарына  алғысымды білдіремін»-деді.

Шараға ауданымыздың бірқатар кәсіпкерлері  қатысты. Қалыптасқан дәстүрге сай оқушыға қажетті заттардың барлығы қойылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп атаған болатын. Яғни оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың есеп-шотына 37389 теңгеден 350 оқушыға қаржылай көмек аударылды. Оқу жылына дейін ауданымыз жалпы саны 755 оқушыға материалдық көмек ретінде қаржы аудару жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданымызда көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға қол ұшын созамын деген жандар шама – шарқыларынша, мектеп құралдары мен ақшалай қайырымдылық көрсетіп келеді.

Ауданымызда жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен 100 оқушыға мектеп формасы мен қажетті кеңселік заттармен қамтамасыз етілетін болады. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жәрмеңкеге ата-аналар ризашылықтары мен алғысын білдірді. Шараға келген халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әсем әуендер орындалуда. — с Айдосом Кулмаханулы Кулмахановым и ещё 7.


ПІКІР ЖАЗУ