Кентау: белсенді жастармен кездесу өтті

0

Қала әкімі Жандос Тасов қала жастарымен кездесті. Кездесу барысында қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов орталықтың атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасады. Кездесуде жастар қала басшысына бірқатар ұсыныс пікірлерін жолдады.

Бүгін де қаланың белсенді жастары жазғы демалыстарын қаланың абаттандыру жағында еңбек етіп, көгалдандыруға үлестерін қосты. Осы мақсатта әрі қарайда жұмыстарды жүргізуге ниетті екендіктерін білдірді.

Ұсыныс-пікір алмасу барысында ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында көнеден келе жатқан ойындарды жаңғырту жайында ұсыныс айтылды. Қалада талантты жастардың көп екендігі айтылып, өнері мен дарынын дамытуға арналған үлкен деңгейде шаралар ұйымдастырылу қажеттілігі сөз болды.

Жастардың барлық ұсыныстарын мұқият тыңдаған қала әкімі Жандос Қалмұрзаұлы – жастар мен қоғам белсенділерімен кездесуді жиі ұйымдастырып, қаладағы жүзеге асырылатын әрбір жұмыстар жайында баяндалып отыратынын айтты. Қаланың дамуы жолында жастардың да қосар үлестері барын атап, сенім білдірді. Мұндай жиындар  еркін форматта өткізілу қажет, деді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ