Созақ аудан әкімі Қаратау, Қарақұр ауыл округінде тұрғындармен жүздесті
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде болып, халықпен кезекті кездесуін өткізді. Еркін форматта өткен кездесуде Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін қозғады. Аудан әкімі Қаратау ауылына көңіл бөлініп жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Бұл өңірге осымен 7 айда үшінші рет келіп отырмын. Басты мәселе – сіздердің мұң- мұқтаждарыңызды талқылап, шешу жолын қарастыру. Мұндаға мәселелер маған етене таныс. Өткендегі жүздесуде айтқандай, 1 көшені жарықтандыру қазан айында жүзеге асады. Ауыз су мәселесін шешу үшінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заңға сәйкес уақыт керек. Жеке қабылдауға келген ауыл азаматтарына заң шеңберінде көмек көресітіліп жатыр. Сіздердің ұсыныстарыңыз аяқсыз қалмайды,- деді Мұхит Сексенбайұлы. Жиыннан соң жаңадан салынып жатқан әкімдік ғимаратының құрылыс жұмысымен танысты. Ауылдық ауруханада болды. Панфилов мектебінің қазандығын көрді. Тиісті жұмыс атқару үшін бөлімдерге тапсырма берді.
Кездесу Қарақұр ауыл округінде жалғасты. – Бұл округте жыл соңына дейін біршама жұмыстар атқарылады деді,- аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков. Аудандық бюджеттен Абай, Наурыз көшесіне жол төселетінін айтты. Сондай-ақ Қарақұр, Шаға, Раң ата ауылында орталық көше жарықтандырылатынын тілге тиек етті. Раң ата елді мекенінде «Ауылым – ел бесігім» бағдарламасы аясында ақша бөлінсе, негізгі көше асфальтталатынын ескертті. Сондай-ақ ауыл округке «Asia mining» ЖШС –нің демеушілігімен біршама жұмыстар жүргізілген. Раң ата елді мекенінің аз қамтылған тұрғынына үй алып берілді. Сондай-ақ ескі мектептің орынын тазалады. Үй іргелік мақсатында қолданылатын каналға жөндеу жұмыстары жүргізді.
Есептік жиынның соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселемен қабылдады.