Қазығұрт: Ата Заң – елдің айбар

0

Алдымен Шымкент – Ташкент күре жолдың бойына орналасқан «Мәңгілік ел» саябағында  Конституция күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай, 45 метр биіктікте орнатылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының ашылу салтанаты өтті.  Жиында сөз алғандар  бүгінгі тудың көкке көтерілгені  жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайды. Өйткені мемлекет болып тұрған кезде байрақ желбіреп тұрады. Сондықтан жастарымыздың рухын көтеру үшін осылай әрбір өңірде, әрбір жерде қазақтың көк байрағы желбіреп тұру керек. Мемлекетіміздің құндылықтарын қадірлеудің бір көрінісі дейді жйынға қатысқандар. Содан соң 30 Тамыз Конституция күні аудандық мәдениет үйінде ресми түрде айтулы күн айшықталды. Жиында аудан әкімі  Арман Абдуллаев  сөз алып   аудан тұрғындарын Ата Заң мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халық болып талқылап, референдумда ел болып қолдаған Ата заңымыз – “Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы”, деп бастады.   Мәңгілік Елді мұрат тұтқан ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастық та, мемлекеттілігін жаңғыртқан көп ұлтты халықтың ортақ ұмтылысы да бар.  Ортақ шегарамызды шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіткен еліміз күн артқан сайын Қазақстан әлем назарында деді аудан әкімі. Жиын барысында толағай жетістіктерге жетіп,  қайнаған тіршіліктің бел ортасында өлшеусіз еңбегі сіңген, ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиын соңында аудан жұртына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қазығұрт аудан әкімінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ