Қазығұрт: аудан әкімдігі және аппарат мәжілісі болып өтті

0

Аудан әкімі А. Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мен аппарат мәжілісі болып өтті.       Жиынға дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты.   Аудан әкімдігінде күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. 2022-2023 жылдарға арналған жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы.  Ауданда 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысы, аппарат мәжілісінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы  хабарлама жасады.  Хабарламашыларға мәжіліс барысында сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды. Мәжіліс соңында аудан әкімі атқарылған жұмыстарға өзінің бағасын беріп, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ