Мақтаарал ауданының тауарөндірушілер назарына!!!

0

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі – Қағида) бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау», «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» бағдарламалары бойынша жыл сайын 12,0 мыңға жуық агроқұрылымдарға субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (qoldau.kz) арқылы мемлекеттік қолдау (субсидия) көрсетіледі.

Қағида талаптарына сәйкес, тыңайтқыштарға субсидия нормалары мен қаржы көлемі, ҚР АШМ келісіліп, 2022 жылғы 22 тамыздағы «Түркістан облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап жүргізіледі.


ПІКІР ЖАЗУ