Қазығұрт: тілдер мерекесі аталып өтілді
5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Мерекелік шара аясында аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тайбек Қалымбетов қатысушыларды мерекемен құттықтап, Тіл – ұлттың тірегі, рухани байлығы, өткені мен болашағы. Қазақ елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры биік байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жо-ға¬луына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген. Бұл – тілден артық қазына жоқ екендігінің айғағы деді Тайбек Қалымбетов. Сондай-ақ, ауданда тілдерді дамыту бағытында атқарған жұмыстары үшін бірқатар тіл жанашырларын аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Жиын соңында аудандық мәдениет майталмандарының концерттік бағдарламасына жалғасты.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.