Қазығұрт: аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылқия, Қақпақ, Абдалиев және Жаңабазар, Шанақ, Жігірген    ауыл округтеріндегі жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.  Алдымен Қызылқия ауыл округіне қарасты Айнатас, Қызылқия ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысымен танысты.  Содан соң Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекеніндегі ішкі көшелерге шағал төсеу,  Сырлысай елді мекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысын аралап көрді. Түс ауа аудан әкімі Қ.Абдалиев ауыл округіндегі 200 орындық «П.Тәжібаев» атындағы мектебінің құрылысымен  Рабат елді мекеніндегі  10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысы жұмыстарын бақылады.  Шанақ, Жігірген ауыл окруктеріндегі   200 орындық мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарымен танысып шықты.  Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар «Айнатас – Қақпақ» және «Жаңабазар –  Жылыбұлақ» жолдарының жөндеу жұмыстарын саралады. Жұмыстың сапасына, қарқындылығына назар аударды. Мердігер компанияның жүктелген міндеттерді қалай атқарып жатқанынада көңіл бөлді. Құрылыс нысандарын аралау барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына талап қойып, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ, белгіленген графикке сәйкес, құрылыс нысандарын ел игілігіне  тапсыру керектігін айтты.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ