Ұлттар достығы өнеге-халықтар достығы үлгі болған Ордабасы
Бүгін Жастар сарайында Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданындағы ұлтаралық татулық пен этносаралық келісімді нығайту, конфессия аралық тұрақтылықты сақтау, аудандағы түрлі этнос өкілдерінің достық қарым-қатынасын нығайту және ортақ Отанымыз Қазақстанның этносаясатының одан әрі дамуына өзіндік үлес қосу мақсатында ұлттық салт дәстүр, әдеп-ғұрып пен ойын түрлерін насихаттауға бағытталған “Ордабасы-татулық пен тұрақтылық мекені” атты сайыс өтті.
Аудандағы өзге ұлт өкілдері арасында ұлттық спорт түрлерінен өткен шараға жалпы 8 команда қатысты. Оза шыққан топтар аудан әкімінің алғыс хатымен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі