Бәйдібек: күрделі жөндеу жұмыстарын аралап, жауапты мекемелерге тапсырма жүктеді

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Жанғазиев Мыңбұлақ ауылындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 2 қабатты тұрғын үйде болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Аталған үйдің бірқатар пәтерлерін аралады. Тұрғындарымен кездесіп, пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан қаржысын бөліп, пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан  аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, істелінетін бірқатар жұмыстарды жеткізді. Бағдатбек Пердебайұлы тұрғындардың пікірлерін назарға алып, орындау жөнінде жауапты бөлім, мекеме басшылары Марат Енжанов пен Ұлан Акимовқа бірқатар тапсырма жүктеді.

  Сонымен қатар Бағдатбек Жанғазиев Шаян ауылындағы Күлтөбе мөлтек ауданындағы 2 қабатты тұрғын үйде болды. Аудан әкімдігіне едені қисайғаны жөнінде өтінішпен келген 2 бөлмелі пәтерде болып, үй егесімен кездесті. Кездесуде аталған пәтердің еденін жөндеу жөнінде қаржысы бөлінгенін, алдағы күндері жұмысшылар келіп қалпына келіру жұмыстары жүргізілетін түсіндірді.


ПІКІР ЖАЗУ