Мақтаарал: аудан әкімі Мырзакент спорт клубының жеңімпаз спортшыларын марапаттады

0

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мырзакент спорт клубының жеңімпаз спортшыларымен арнайы кездесу өткізді. Іс-шараға Республикалық, Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт клубтың басшылығы қатысты.

Жалпы Мырзакент спорт клубының спортшылары Азия чемпионатынан, республикалық, облыстық чемпионаттардан және халықаралық жарыстардан барлығы 27 алтын, 21 күміс, 27 қола жүлделерге ие болған.

Кездесу барысында аудан басшысы Мырзакент спорт клубының ұжымына алғыс айта отырып, жетістікке жеткен спортшыларды арнайы марапаттады.

Аудан әкімінің алғысына бөленгендердің інішде қол күресінен Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтанбек Қалмырза, бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионы Айсұлу Мұхит, бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері Мәншүк Тұрғанбай, панкратионнан Қазақстан Республикасының Чемпионы және Греплингтен өткен Азияның Чемпионы Елдос Зұлпан,   греплингтен өткен Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Орынбасар Төлеп,  греплингтен өткен Азия Чемпионатының қола жүлдегері Нұржан Қарабаев,  Республикалық жарыстың жеңімпазы Нұрлыбек Жасұзақовтар бар.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ