Отырар: қайтарымсыз грант алып кәсіптің көзін тапқан

0

Отырарда мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз несие алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді.

Мәселен, Шытты ауылының тұрғыны Мақсат Арқабаев 2019 жылы «Бизнес-бастау» курсынан өтіп, сертификат иесі ретінде өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап шыққан. Тиянақты жасалған бизнес жобасына кәсіпкер 252 500 теңге қайтарымсыз грант алып, тігін шеберханасын ашып өз кәсібін бастаған.

Кешегі бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезінде бетперде тігіп халыққа тегін ұсынған кәсіпкер тігін тігуден бөлек, ұқыптылық пен асқан төзімділік, сыр алдырмас сабырды қажет ететін қолөнер бұйымдарын жасаумен де айналысады.

— Мемлекет тарапынан қолдау тауып, жаңаша кәсіп бастадым. Мен ұсынатын қызмет өте қолайлы. Бүгінгі таңда тапсырыстар күн сайын артып келеді. Осының барлығы адал еңбек пен үздіксіз ізденістің нәтижесіндегі жетістіктер. Сондықтан, өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға қай істе болсын табандылық таныту қажет дер едім,– дейді кәсіпкер Мақсат Құралбайұлы. Кәсіпкердің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытқысы келетін айтады.


ПІКІР ЖАЗУ