Отырар ауданының әкімі Білім күнімен құттықтады.

0

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді 1-қыркүйек – білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барша адамзатқа ортақ бұл күн, білім мен парасаттың, ақыл мен ізгіліктің бастау алатын сәті десек те болады. Бұл сәт тек атаулы мереке ғана емес, еліміздің болашағын өсіп-өркендететін күннің бастамасы. Бүгін міне, бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырау үнін естіп, үлкен өмір табалдырығынан аттағалы тұрса, ауданымыздағы білім ордаларынан 805 талапкер өз үйіндей болып кеткен мектебін бітіріп, үлкен өмір жолын бастағалы тұр.

Жалпы өткен жылғы қол жеткізген жетістіктер аз емес.  2021-2022 оқу жылында 50 оқушы «Алтын белгі», 66 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанса, 301 бітіруші  түлек мемлекеттік грант иегері болды. Биылғы оқу жылында орта білім беретін мектептерге 12326 оқушымен қамтылады деп күтілуде. Сондай-ақ қазіргі таңда  32 мектепке дейінгі ұйымдарда 2551 бала тәрбиеленуде.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жыл деп жариялаған болатын. Балалардың жарқын болашағы үшін мемлекеттік деңгейдегі шаралар қабылданып, жоспарлы міндеттер алға қойылды.

Ардақты ұстаздар! Кез-келген мамандық иелерінің алғашқы ұстазы Сіздерсіздер. Түрлі саланың білікті мамандары мектептен білім алған. Сондықтан да, елдің ертеңі – мемлекетшіл жастарды, ұлт болашағын тәрбиелеуде шаршамаңыздар.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, алдағы білім күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ізгі ниетпен, Отырар ауданының әкімі  С.Сұлтанханов


ПІКІР ЖАЗУ