Түркістан: Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудандық мәдениет үйі ғимаратына арнайы барып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.  Құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында басталып, желтоқсан айында толық аяқтау көзделуде. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында мәдениет үйінің шатырын, едендерін ауыстыру, ішкі қабырғаларды әрлеу, орындықтарын және есіктерін ауыстыру, сыртқы әрлеу (фасад) жұмыстары жүргізілетін болады.

Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын көзбен көрген аудан басшысы сын-ескертпелерін айтып, мердігер мекеме басшысына жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарын күн суытпай аяқтауды жүктеді.

Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ