Түркістан: білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жайы пысықталды
Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жұмыстарын жүргізуге дайындық» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске облыс орталығына жақын орналасқан аудандардың білім беру ұйымдарының басшылары арнайы келді, ал қалғандары ZOOM платформасы арқылы тікелей қосылды.
Жиында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы арнайы қатысты. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылдың 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» негізінде жүзеге асырылатынын айтты.
Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлының айтуынша, 2023 жылы мемлекеттік аттестаттаудан 470 білім беру ұйымы өтеді деп жоспарлануда. Олардың ішінде 187 балабақша, 247 мектеп, 36 колледж бар.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі