Түркістандық 80 оқушы дарынды балалардың ұлттық антологиясы кітабына енді

0

«Алтын глобус» Халықаралык білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының бастамасымен «Ел үміті» атты дарынды балалардың ұлттық антологиясы жарық көрді. Кітаптың жоба жетекшісі және бас редакторы, академия директоры – Шүиіншәли Абай Серікұлы.

«Ел үміті» дарынды балалардың ұлттық антологиясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай республикамыздың түкпір-түкпіріндегі, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында шығарылған. Жинаққа еліміздің барлық облыстарындағы білім, өнер, спорт, ғылым, робототехника саласындағы үздік жеңімпаздары мен дарынды дарабоздар енгізілген.

Жинақ дарынды, шығармашыл мектеп шәкірттері мен жалпы оқушылар қауымына арналған. Кітапқа арнайы ұсыныспен үздік деп танылған 1000-нан астам оқушылар енгізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ