Түлкібастық жас волейболшылар ел чемпионатында жүлделі орынды иеленді

0

Түлкібас ауданында волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-10 аралығында өткен тартысты турнирге 14 облыс пен Түлкібас ауданының құрамасы қатысты. Өңіріміздің жас волейболшылары ақтық сайыста Жетісу облысының құрамасынан есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынды Жетісу өңірінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті павлодарлық волейболшылар түйіндеді. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогімен, медалімен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ