Шымкент: ауызсуды кестемен тұтынатын 3 елдімекеннің мәселесі шешіледі

0
  •  Қала әкімі Мұрат Әйтенов ауыз су құбырлары тартылып жатқан нысандар құрылысын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды.
  • Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр.
  • Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен түгел қамту мақсатында қазір 6 нысанда су құбырын тарту жұмыстары іске асып жатыр. Олар Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы құбырлар.
  • Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
  • Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір мердігер мекеме “Мелиоратор” ЖШС-гі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде.
  • Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.
  • Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін жетеді.

 

  •  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ