Шымкентте экс-медбике есірткі курьері болып жүрген

0

Шымкентте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында психотроптық заттар қойып кетумен айналысқан қызды ұстады.

Бойжеткен полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза «синтетика» тапты. Сондай-ақ, ұсталған азаматшаның көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам «гашиш» тәркіленді. Бұған қоса көліктің оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.

Бұл жайт Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша тіркеді. Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен босатылған екен.

«Қазір аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды», – деді есірткімен күресуші Бауыржан Қарбеков.

Сондай-ақ, полиция майоры есірткіні сату мақсатында заңсыз пайдалану бас бостандығынан айыру жазасына әкелетінін ескертті.


ПІКІР ЖАЗУ