Трансформаторлар жаңартылуда

0

Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағындағы елдімекендердің тозығы жеткен трансформаторлары мен электр желілерін жаңарту жұмыстары басталған.

Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Жаңаталап елді мекендеріндегі трансформаторлар «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында жаңартылып қойылды.

Айта кетейік, Қазығұрт, Құрсай елді мекендерінде — 5, Жаңаталап елді мекенінде – 1 тарансформатор орнатылған.

Сонымен қатар, Құрсай, Ақжар, Жаңаталап елді мекендерінде барлығы 10,2 шақырым электр желілері ауыстырылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ