Әл-Фараби ауданында 8 көше жарықтандырылды

0

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 390 көшенің қазіргі уақытта 110 көшесі жарықтандырылған. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, биыл 14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Атап айтқанда, Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көшелер, яғни №25, 28 мектеп аумағы, Әбдіразақов көшесі, Ж.Тыныбаев көшесі, Өзбек көшесі, Қалалық жүйке аурулары орталығы, Бөгет көшесі.

Ал 16 шағын ауданы бойынша №39 мектеп жанындағы ішкі орам көшесі, М.Мәметова көшесі. Сондай-ақ, Сәуле шағын ауданындағы Күмісті, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов көшесі, Мәделі Қожа және Сасбұқаев көшесі.

Айта кетейік, осылардың ішінде биылғы жылдың тамыз айына дейін 8 көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды.

Олар:

1.Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көше (№25, 28 мектеп аумағы)

  1. Әбдразақов көшесі.

3.Өзбек көшесі,

  1. Бөгет көшесі,
  2. М.Мәметова көшесі,

6.Ж.Тыныбаев көшесі,

7.Қалалық жүйке аурулары орталығы,

8.16 шағын ауданындағы ішкі орам көшесі.

Сонымен қатар, Сәуле шағын ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ