Шымкент көшелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды
![](https://dalatimes.kz/wp-content/uploads/2023/08/0e8397b2-bc5c-46b4-ad9f-36f4a2e7c55f.jpeg)
Шымкентте ер адамның мәйіті табылды. 25 тамыз күні сағат 17:00 шамасында А. Асқаров көшесінің бойында 1975 жылы туған ер адамның денесі табылды.
Дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сарапшыларға тапсырылды, ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды деген болжам бар, деп хабарлайды «Жедел шақыру» бағдарламасының тілшісі.