Шымкентте прокуратура ғимаратында ер адам өзін-өзі өртемек болды

0

Шымкент қаласы прокуратурасының ғимарат ер адам үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Оқиға бүгін, 28 тамыз сағат 12-лер шамасында болған.

Прокуратураның фронт офисіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасы тергеген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, келген шағымы бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен.

«Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер азамат үстіне бензин үстіне құйып, өз-өзін өртеуге оқталған. Прокуратура қызметкерлерінің тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өз-өзін өртеу фактісі болмады» деп атап өтті прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар қала прокуратурасына келгендердің арасында бір әйел өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетті.

Аталған дерек Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тіркеліп, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде. Текеру нәтижесімен аталған азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады.


ПІКІР ЖАЗУ