Түркістандық спорт клубының жетістіктері жетерлік
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» 2021 жылы жұмысын бастаған болатын.
Клуб жұмысын бастағалы бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіліп, еліміздің 13 қаласынан келген жүзден аса спортшы бақ сынады.
Тұрғындардың қатысуымен «Денсаулыққа қарай 10000 қадам», «Спорт- Денсаулық кепілі» сынды бүкілхалықтық жүгіру марафондары ұйымдастырылды.
Мекеме қызметкерлері ұлттық ойын түрлерінен де назардан тыс қалдырған емес. Асық ату, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, қол күрес пен секіртпемен секіру т.б ойын түрлерінен жүйелі жарыстар өткізіп тұрады.
Бүгінде шаһарда клуб ұйымдастыруымен 23- маусымнан бері жасөспірімдер арасында футболдан біріншілік өтуде. Одан бөлек, 26-шілдеден бастап халық арасында кең тараған ойын түрлерінен тұрғындар жарысқа түсуде.
Клубта теннис, шахмат, баскетбол, волейбол, футбол сынды спорт түрлерінен тегін үйірме сағаттары да қарастырылған.
Үйірмеге 6-15 жас аралығындағы балалар жазыла алады.
Спорт клубта түрлі бәсекелерде жеңіске жетіп жүрген балалар да жетерлік.
Олар: шахматтан Нұрислам Сұлтанхан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленсе, теннистен Дурдона Дауранова алтын жүлдеге ие болды.
Сондай- ақ, Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының футбол командасы да бірнеше қалада Түркістан атын танытып келеді. Нақты айтқанда, Астанада қаласында өткен республикалық турнирде II-орын, Таразда өткен республикалық турнирде I-орын, Қостанай және Ақтөбе қалаларында республикалық жарыстарда III-орынды жеңіп алды.