Шымкентте мұғалім ер адам алаяққа алданып қалды

0

Шымкентте мұғалім болып еңбек ететін ер адам алаяқытң құрбаны болған. Осылай деген ол полицияға арыз түсірген.

Ұстаздың айтуынша, банктегі 4,6 млн теңге несиесін жабу үшін бейтаныс әйелдің көмегіне жүгінген. Алаяқ оны «банкроттық» жариялау арқылы қарызыңды толық өтеп беремін деп сендірген. Өз қызметі үшін 120 мың теңге алып, ізін суытқан.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, қала аумағында ұсталды» деп хабарлады полициядан.

Тергеу барысында жергілікті тұрғынның бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны және мұғалімнен кейін тағы бір кәсіпкерді алдап соққаны белгілі болды. Ол кезекті құрбанын мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге грант алып беремін деп сендіріп, 350 000 теңгеге сан соқтырған.

Қазіргі таңда әйел қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


ПІКІР ЖАЗУ