Шымкент: қала әкімі шахматшы қариялардың талабын тыңдады
Шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады. Спортты серік еткен ардагерлер бұл өтініштерін бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде жеткізді. Қала басшысы қариялармен «Орталық саябақта» жүздесіп, талап-тілектерін назарға алды.
Клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы 8-мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған болатын. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналуда.
Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі