Сарыағаш: апатты жағдайдағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, ауылдық округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және жою мақсатында бастау алған көпірдің жөндеу жұмыстарының жай-күйін бақылады.
Айта кетсек, аудан аумағында апатты жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында Дарбаза ауылдық округіне қарасты Егемен Қазақстан және Құрманғазы көшелерінің бойындағы көпірлерді қайта ретке келтіру үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарыпынан көпірлер орнатылып, құбыр аузына бетон жамылғылар құйылуда.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне құрылыс нормативтерін сақтай отырып, сапалы әрі мерзімінде құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жіті бақылауында болатынын атап өтті.