Сарыағаш: кәсіпкерлік саласы, шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен ауданға инвестиция тарту бойынша кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев , «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры А.Мусабеков және аудан кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі ауданға инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде сөз қозғап, кәсіпкерлер ұсыныстарын жеткізіп, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ өзара ынтымақтастық бағытында біргелікте жұмыс жүргізуге шақырды.
— Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келгенге таза ниет болса болғаны. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт. Себебі жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуды,- деді аудан басшысы.
Айта кетсек, ауданға инвестиция тарту арқылы өндірісті дамыту бойынша сапалы жоспарлар әзірлеуге мүмкіндік алады. Жылдан жылға инвестиция тарту мәселесі қолға алынып, алдағы уақытта аудандағы жоспарлар бюджет қаражатына емес, жеке инвестицияға басымдық берілетін болады.