Сауран: “кемшіліктерді жоюға жұмыс жасаймыз”

0

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен аудан активінде айтылған кемшіліктер бойынша шұғыл мәжіліс өткізді. Онда көтерілген мәселелерді жыл соңына дейін шешу бойынша нақты жұмыс жасау керектігін қадап айтты.

Аудан орталығы Шорнақ ауылына қатысты айтылған ескертпелерді қалпына келтіру, алдағы уақытта орталықты дамыту бағытында ауыл округ әкіміне нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне индикаторлық жоспарларын жыл соңына дейін аяқтауды міндеттеді.

Барлық ауылдық округ әкімдеріне санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыруды, актив мәжілісінде айтылған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізуді талап етті. Сонымен бірге, Жүйнек ауылдық округінен «Игілік» орталығын ашуды, бір сөзбен айтқанда жыл соңына дейін барлық дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне облыс тарапынан берілген межелі жоспарды толық орындап, жылды жақсы көрсеткішпен аяқтауды тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ