Елімізде тағы бір министрлік құру ұсынылды

0

Жаңа министрлік құру туралы ұсынысты Мәжіліс депутаты Арман Қалықов Үкіметке жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың ойынша, елімізге геология және жер қойнауын қорғау саласын дамытуға жауапты жаңа министрлік қажет.

Қатты пайдалы қазбаларға мүдделі мемлекеттік органдар жер қойнауын нарықтың еркіне қалдырып, саланы реттеуден толығымен бас тартты. Қазіргі жағдайда мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілік деректері бойынша ғана жүзеге асырылады. Пайдалы қазбалар қорларының сарқылу мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы мәселелердің барлығын реттеу үшін жеке бөлім қажет. Осыған байланысты, геологиялық саланы жүйелі дамыту үшін жеке мемлекеттік орган – Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құру дұрыс сияқты, — деп ұсынды Арман Қалықов Мәжілісте.


ПІКІР ЖАЗУ