Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне құтқару жұмыстарына көмек көрсетеді

0

Мәжіліс 2022 жылғы 26 мамырда Бішкек қаласында жасалған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елдер жолаушылар мен экипаждарды, сондай-ақ апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздестіру және құтқару үшін олардың іздеу-құтқару қызметтері арасында ынтымақтастық орнатуға келісті. Операциялар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылған тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ келісімнің мақсаттарына мыналар кіреді:
– авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлау және апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдау;
– екі жақтың іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, ақпарат пен тәжірибе алмасу;
– іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, оның ішінде трансшекаралық аумақта тараптардың бірінің өтініші бойынша өзара көмек көрсету (авиациялық және жерүсті іздестіру-құтқару күштерімен қамтамасыз ету).


ПІКІР ЖАЗУ