Германия әуе компаниясының қызметкерлері тағы да ереуілге шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Lufthansa әуе компаниясының жердегі қызметкерлері қайтадан ереуілге шығып, салдарынан жүздеген рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Еuronews.
Германияның ең ірі Lufthansa әуе компаниясының жерүсті қызметінің жұмысшылары кезекті ескерту ереуілін өткізіп жатыр. Ол сәрсенбі күні таңғы 7-ге дейін жалғасып, шамамен 100 мың жолаушыға әсер еткен.
Наразылық шарасына Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Гамбург, Берлин, Дюссельдорф, Бонн және Штутгарт әуежайларында логистика, жүк тасымалдау және ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін қызметкерлер шықты.
«Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай, өйткені жұмыс беруші өз еркімен келіп, артық ақша ұсынбайды, қандай да бір тұтқа болуы керек», — деді наразылық шарасына шыққан ер адам.
«Кез-келген адам ереуілге шығуы керек, алайда ұйымшылдық жетіспейтінін түсінбеймін. Егер ертең келіссөздер болатын болса, соны күтуге болар еді», — деп бөлісті ойымен ер адам.
Кәсіподақтар әуе компаниясының жердегі қызметкерлерінің жалақысын 12,5%-ға көтеруді талап етіп отыр, ал компания бір жыл ішінде оны 10%-ға арттыруға дайын.
«Соңғы екі-үш жыл тіпті жердегі қызметкерлер үшін де өте қиын болды делік. Ал жұмыс беруші тарапынан салыстырмалы түрде әрекет аз. Шешім бір сәтте қабылданды: «Жетер!» Көпшілік адам үшін ұсыныс, құрғақ уәде аздық етеді.ынтымақты білдіреді. Ал біз өз ұстанымымызға берік боламыз», — дейді белсенді.
Ақпан айының басында Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі Франкфурт пен Мюнхен әуежайларының жұмысын тоқтатты. Ол кезде 900-ге жуық рейс тоқтатылды.
Жалақы бойынша келіссөздер сәрсенбіде жалғасады.