Абай облысында білім саласында мамандар тапшы
Қазіргі таңда Абай облысында 3 686 бос жұмыс орны болса, оның 751-ы тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарында 2 935 бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрақты жұмыс орындарына кадрларға негізгі қажеттілік келесі кәсіби бағыттар бойынша анықталды:
— Өндіріс – 121;
— Білім және тәрбиелеу – 97;
— Медицина және фармацевтика – 96;
— Көлік және логистика – 68;
— Біліктілігі жоқ мамандықтар – 62;
— Қаржы және бухгалтерлік есеп – 43;
— Құрылыс және сәулет – 33;
— Ауыл шаруашылығы – 24;
— Энергетика – 20;
— Сауда және қоймалау – 19;
— HR және хатшылық – 17;
— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 16;
— Мәдениет және спорт – 16;
— Мұнай, газ, ресурстарды өндіру – 13;
— Құқықтану – 12;
— ІТ және телекоммуникациялар – 11;
— Қызмет және сервис – 10;
— Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар – 9;
— Тамақтану – 7;
— Әлеуметтік қызмет көрсету – 7;
— Ғылым және консалтинг – 6;
— Маркетинг және БАҚ – 4;
— Өзге салалар – 10.
Жұмысқа орналасқыңыз келсе, https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata сілтемесі бойынша өтуіңізге немесе 8 (7222) 36-01-99 хабарласуыңызға болады, — делінген хабарламада.