Қызылорда облысында үш ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданында 3 ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр.
Шиелі ауданындағы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері тұратын 2 мыңнан астам сайлаушы 8 кандидатқа дауыс бере алады. Оның ішінде Жаңатұрмыста 635, Еңбекшіде 1031, Қарғалыда 710 сайлаушы бар. Кандидаттардың 7-і өзін-өзі ұсынса, 1-і саяси партия атынан бақ сынауда.
Саяси науқанда алғаш рет таңдау жасаған және ұжыммен бірге келген мәдениет үйінің қызметкерлері өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, спорттық жарысқа қатысушы азаматтар да өзі сенім артқан кандидатқа дауыс берді.
«Әскерден оралған сәтте ауылда әкім сайлауы болатынын әл-ауқатымызды жақсартуға қызмет ететін әкім үшін дұрыс таңдау жасауымыз қажет», — деді Бақытжан Бекпенбетов.
Дауыс беру күні 3 округ бойынша 39 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш қалдырған. Олардың бәріне де тасымалданатын жәшік барады.
Айта кетсек, дауыс беру жергілікті уақыт 20.00-ге дейін жалғасады.