Түркістан: жарты жылда ауыл шаруашылығында 216,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді

0

Түркістан облысының қолайлы ауа-райы ауыл шарушашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруағашылығына машықтанған. 2024 жылдың 6 айдағы көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикада жоғарғы көрсеткіш.

578,5 мың тонна ет және сүт өнімі жиналды. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% көрсетті. Оның ішінде, 139%  – Сайрам ауданының, 132% – Қазығұрт ауданының, 125% –  Кентау қаласының үлесінде.

Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың тонна бидай, арпа және бақша өнімі жиналды (105,5%). Егін шаруашылығының көлемі 41,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 109%-ға артты. Оның ішінде, Бәйдібек ауданында өсім қарғыны 11,6 есе артса, Қазығұртта – 117%, Шардарада – 112,2%-ға жетті.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кезекті мәжілісте жауапты сала басшысы мен аудан, қала әкімдеріне өнімділікті арттыруды тапсырды. Кемшіліктерге жол бермеуді, жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда. Өңірде егін алқаптарына су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарынан бөлек, осы технологияларды шығару қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің  «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Бұдан бөлек, тамшылатып суғару жүйесін шығаратын 2 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ