Сайрам: аудан әкімінің орынбасары көлкент ауылдық округіндегі инфрақұрылым жүйелерінің жұмысымен танысты
Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сай, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев кезекті аралауда Көлкент ауылдық округі, Молыбай Оразалиев және Қосбұлақ ауылдары, Жаңақұрылыс аумақтарындағы тұрғындарды газбен және электрмен жабдықтау жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Тиісті мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, сұрақтарына заң шеңберінде түсіндірмелер берді.
Аталмыш ауылдардағы газ және электр, сондай-ақ, ауыз су жүйелерінің құрылысы 2023 жылы желтоқсан айында басталған жөндеу жұмыстары 2024-2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары тиісті тұлғаларға құрылыс жұмыстарының тұрғындардың талап-тілегіне сай сапалы жүргізілуін тапсырды. Айта кетейік, Молыбай Оразалиев ауылында 81 және Қосбұлақ ауылында 140 абонент инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Бұдан бөлек, аралау барысында Молыбай Оразалиев ауылындағы тас төсеу жұмыстарымен танысты.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі