Сарыағаш: аудан әкімі порт кешенінің құрылысы жұмыстарының барысын бақылады

0

Бүгін аудан әкімі жұмыс барысымен Дарбаза ауылдық округ аумағын   аралады. Аралау барысында ауылдық округ әкімі аудан басшысына атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

Алдымен, аудан басшысы Дарбаза елді мекенінде жеке кәсіпкер Б.Салимов   тарапынан салынып жатқан 300 орындық  спорт кешенінің құрылысы  жұмыстарының  барысын бақылады.

300 орындық спорт кешенінің құрылыс жұмыстары ағымдағы  жылдың сәуір айында басталып,  қазіргі таңда, ғимаратқа ішкі әрлеу, шатырын жабу,  жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, спорт нысанында  жабық футбол алаңы, бокс, күрес, шахмат, үстел теннисі және басқа да  спорт түрлерінен үйірмелер бөлмелерін  ашу жоспарлануда.

Аралау барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстарды саралай келе мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертті. Құрылыс барысында кемшіліктер болмау керектігін атап,ауылдық оркуг әкіміне жұымс барысын баяндап отыруды  тапсырды.

Одан соң,аудан басшысы ауылдық округке қарасты Бейбітшілік және Құрманғазы көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстарын жаяу аралап, бақылады. Аталған көше бойларына  жарықтандыру бағаналары, сонымен қатар, Дарбаза елді мекенінің орталық көшелері Бейбітшілік және Жабай ата көшелері бойына бейне бақылау камералары орнатылған.

Ауылдық округ аумағын жаяу аралаған аудан әкімі Арман Абдуллаев келесі кезекте  Қ.Сәтбаев көшесіне тас төсеу  жұмыстарын саралады. Жалпы ұзындығы 1700 метрге тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, «Алаш Строй» ЖШС-і тарапынан жүргізілген.

Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ