Сарыағаш: қабылдауға келген тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек беру
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 73 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек беру, тұрғын үй кезегі, коммуналдық арендалық тұрғын үй беру, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
-Тұрғындарды алаңдататын мәселенің көпшілігі жер, баспана, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелеріне қатысты екенін жақсы білемін. Сондықтан да осы салаларды ерекше қадағалап, қиындықтарды шешуге барынша жұмыс істеп жатырмыз. Сіздердің сауалдарыңызды тиісті қала, ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына тапсырдым. Бұл мәселелердің толықтай оң шешілуін жеке өзім қадағалауға алатын боламын,-деді аудан басшысы.
Сондай-ақ аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті жауаптарын беріп, айтылған өтініштерге сәйкес, тез арада және кезең-кезеңімен шешімін табатын мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі