Сарыағаш: ауданда жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

0

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, облыстық маңызы бар КХ-49  автомобиль жолының бойындағы жаңа көпірдің  құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс алаңында  аудан әкімі жауапты мердігер мекеме өкілімен,  «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы «Зах-Келес» өндірістік бөлімшесінің басшысы А.Полатов, аудандық су шаруашылығының бөлімінің басшысы Н. Алданазаров және ауыл әкімі С.Спатаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Доспулов және ауыл ақсақалдарымен кездесіп,  көпірдің құрылыс жұмыстарының барысын талқылады.

Аудан басшысы халық игілігі үшін салынып жатқан көпір болғандықтан, құрылыс компаниясының өкілдеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасына айрықша мән беріп, нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Айта кетсек, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сарыағаш пен Қазығұрт ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-49 автомобиль жолының су өткізгіш құбыры орташа жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда, құрылыс нысанында  3 көзді диаметрі 820 мм су өткізгіш құбыры орналасқан. Бұл құбырлар судың өткізу қабілетін төмендетіп, су тасқынының алдын алуға кедергі келтіруде. Осыған орай, қолданыстағы су құбырлары ауыстырылуда.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ