Сарыағаш: Қабланбек ауылдық округінде демеушілер есебінен балалар ойын алаңшасы орнатылап жатыр

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып,  тыныс-тіршілігімен танысып, округте атқарылған жұмыстарды  пысықтады.

Алдымен, Қабланбек ауылдық окугінің орталығында жүргізіліп жатқан көгалдандыру, абаттандыру тазалық жұмыстарын бақылады.

Ауылдық округке қарасты И.Тыщенко көшесінің бойына жаңадан егілген  274 дана арша ағаштарын  тамшылатып суғару жүйесі  арқылы суғарылуда.Сонымен қатар, аталған көшеге  800 метр аяқ жолдар тазартылып, жол жиектеріне   әктеу, ағаш бұтараларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Келесі кезекте, ауылдық округ орталығында демеушілер есебінен орнатылған балалар ойын алаңшасының  мән-жайымен танысты. Қабланбек ауылының бойына 100 шаршы метр жерге орнатылған балалар ойын алаңшасында әткеншектер,айналмалы жылқы ойын элементтері және жеңіл жаттырғыш құрылғылар   орнатылған. Балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселіп,  алаңша аумағы қоршалған. Аталған нысан  ауыл жастарының демеушілігімен салынған.

Аралау барысында аудан басшысы балалар алаңшасы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға мүмкіндік беретінін , мұндай нысандарды көбейту қажет екенін атап өтті.

Аудан әкімі Қанағат елді мекеніне ат басын бұрып, ауылдық округтің  ішкі  көшелеріне  шағал төсеу жұмыстарын пысықтады.

Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет, Қанағат, Жонарық елді мекеніндегі ішкі көшелерінде жалпы 5,8 шақырымына ағымдағы тас төсеу жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда тас төсеу жұмыстарынм ердігер мекеме «Аlash story kz» ЖШС-і тарапынан аяқталған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ