Сарыағаш: аудан әкімі Қытайлық инвесторлармен кездесті

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты әр Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және  инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өтті. Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту бойынша  Қытай Халық Республикасынан келген инвестициялық жоба жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында «Shaanxi Foreign Economic and Trade Group Co., Ltd.» компаниясының жетекшісі аудан  әкіміне  аудан аумағынан көкөніс сақтау қоймасын салуға  ниетті екендерін жеткізді. Аудан басшысы тарапынан инвесторларға:

— Екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Кез келген жоба, ең алдымен, қарапайым халыққа тиімді болуы керек. Сондықтан ұсыныстарыңызды жан-жақты зерделеуіміз керек,- деді аудан басшысы.

Келесі кезекті аудан әкімі аудан аумағында баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салу мақсатында кәсіпкер С.Сейсеновпен жүздесті.

Кәсіпкерлермен тілдескен аудан  тиісті бөлім  басшыларына  арнайы тапсырма беріп, орындалу мерзімі бойынша баяндауды жүктеді.

Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ