Түркістан: тәжірибе алмасу алаңы слетінде командалар арасында эстафеталық жарыс өтті
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шардара аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында облыстық «Жастар слеті: Тәжірибе алмасу алаңы” атты жастар слетінде командалар арасында эстафеталық жарыс өтті.
Эстафеталық жарысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты — жастарды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып,шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.
Шараға қатысушылар 4 кезеңде суда жүзу, кедергілерден өту, жорғалап жүру, құм толтырылган қапшықпен жугіру, скакалкамен секіріп жарысқа түсті.
Ал қалған аудан, қала жастары арасында құмнан қалашық жасау бойынша командалық сайысқа түсті.
Сайыс қызықты өтті. Командамызбен бірге әр кезеңнен сүрінбей өтуге тырыстық. Қатысушылардың жеңіске деген ынтасын көріп, біз де жігерлене түстік. Осындай жастардың бірлігін нығайтатын сайыстар көбірек болса деген ойдамын, — деді сайысқа Мақтаарал ауданынан келген қатысушы Жасұзақов Есімхан.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз. Ертең қатысушылар плоггингте сынға түседі.