Созақтықта қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен отбасы құндылығы дәріптелді
Түркістан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ұйымдастыруымен аудан аралық қызмет алушы зейнеткерлер арасында «Ел ұйытқысы – ене мен келін» атты іс-шара өтті. Онда бірнеше ауданнан келген енелер мен келіндер өзара сынға түсті.
Шараның мақсаты дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Отбасында үлкенге құрмет, кішіге мейірім, әрбір мүшеге ынтымақты береке, бірлік ауадай қажет. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен отбасы құндылығы, жан-жақты тәрбиесімен бір дәуірлік ұрпақ қана емес, тұтас ұлт өмір бойы ұстанатын қағида.
Аталған додада созақ ауданынан қатыстан ене Гүлжан Үсенова мен келіні Салтанат Қалдаулетова 1 орынды иеленіп, жеңімпаз болды. Өздеріне тапсырылған міндеттерді толық орындап, көрермендер мен қазылар алқасының көзайымына айналды.
Қырық жыл мәдениет саласында еңбек еткен Гүлжан Үсенова -“Бүгінде зейнетте болсам да қоғамдық өмірге белсене араласамын. Өзімнен кейінгі келінім менің орнымда басып келеді. Келінім Салтанат да мәдениет саласының қызметкері. Сондықтан бізге мұнда өнер көрсету қиын болмады” — дейді.