«Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» кәсіпкерлік экожүйесін нығайту жобасын іске асыруда
«Кәсіпкерлікті дамытудағы қоғамдық ұйымдар мен тәлімгерліктің рөлі» Қазақстан іскер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігі Халықаралық жеке кәсіпкерлікті дамыту орталығының (CIPE) және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен «WE-Champs: Кәсіпкерлік экожүйесін нығайту» жобасын іске асыруда.Жобаны іске асыру аясында және Отбасы күні қарсаңында 6 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен Қарағанды қаласында «Кәсіпкерлікті дамытудағы қоғамдық ұйымдар мен тәлімгерліктің рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді.Комиссия хатшысы Карисова Гайни құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға табысты, жемісті жұмыс тілеп, барлығын Отбасы күнімен құттықтады.«Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» ҚБ төрағасы Қазбекова Меруерт облыстың кәсіпкер әйелдерін ҚКӨС қызметімен таныстырып, «Кәсіпкер әйелдерге арналған көшбасшылық дағдылар» шеберлік сыныбын өткізді.Микро шағын бизнес және сауда қауымдастығының президенті Бошель Марина Салық кодексіндегі өзгерістер туралы айтты.Кәсіпкерлер әйелдердің экономикалық және саяси белсенділігін арттыру, бизнесті сауатты және тиімді дамыту және кеңейту үшін оқыту қажеттілігі, мемлекеттік қаржылық қолдау және қоғамдық ұйымдардың көмегі мәселелерін талқылады.Өзекті тақырып — алдағы жалпыхалықтық референдум да назардан тыс қалмады. Кәсіпкер әйелдер ортақ пікірге келді: әркімнің референдумына қатысу қажет. Бұл әйелдердің ел өміріне белсенді қатысу мүмкіндігі, олардың балалары мен немерелері тұратын жердің тағдыры үшін жауапкершілігі.#ҰлттықКомиссия#UlttyqKomissiya#НацКомиссия