«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
«Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындауға және мақсаттарға жетуге басты назар аударуының өзіндік мәні бар. Яғни, Президент Үкіметтің, Парламенттің, әкімдіктердің бүгінге дейін атқарған жұмыстарының аралық нәтижесін қорытындылап, атқарылған жұмыстарды саралады. Сондай-ақ «Әділетті Қазақстан», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң және тәртіп» тұжырымдамаларын және біз куә болып отырған басқа да тұжырымдамалық реформаларды іске асыру үшін жойылуы қажет нақты кемшіліктерді де атап өтті. Әрине, Мемлекет басшысының бүгінгі бастамалары қазіргі күн тәртібін ескере отырып, елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық өзгерістердің мазмұны мен мағынасын толықтырып, жетілдіре түседі.
Осы орайда, Мемлекет басшысы тоғыз басым бағытты айқындап берді, олардың барлығы да бір мақсатқа – әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етеді. Менің ойымша, бұл Президенттің бүгінгі сөзінің басты ойы, негізгі тамыры.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы ретінде Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, еңбек адамын құрметтеу қажеттігіне тағы да назар аударғанын ерекше атап өткім келеді. Біз бұл бағыттарды қарқынды түрде дамытып, жүйелі жұмыстарды жалғастыра береміз.»
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Төрағасы Aida Balayeva Facebook парақшасынан