Ордабасы: жаңа замандағы білім беру бағытында дәстүрлі «Тамыз кеңесі-2024» өтті
Тамыз кеңесі – ұстаздардың дәстүрлі басқосу, мерекесі ғана емес, жаңа міндеттер мен жоспарлар белгілейтін маңызды жиын.
Кеңестің биылғы бағытты цифрлық технологияларды, жасанды интелект мүмкіндіктерін пайдалану талабы болмақ.
Дәстүрлі тамыз кеңесіне Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тіледі.
Қадірлі ұстаздар қауымы Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» — атты Жолдауында «Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ білім экономикасына тың серпін беріміз» — деп білім беру үдерісін цифрландыруда жеделдік керектігіне тоқталды.
Жасанды интелект мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстарын жандандыруыға байланысты атқарылатын жұмыстар саладағы жеткен жетістіктермен алдағы міндет жоспарларға тоқталып аудан әкімі бірқатар ұстаздарды марапаттады.
Тамыз кеңесінде білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева модераторлық етіп, аудандық мәслихат төрағасы Б.Джумабеков, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Исабек, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорының орынбасары Мұхтар Ақтаев, Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Әлия Досыбекова, аудандық білім саласының ардагерлері мектеп директорларымен ұстаздар қатысты.