Шардарада : дәстүрлі «тамыз» кеңесі өтті

0

Бүгін ауданда білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL  KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.

Кеңес жиынына аудан әкімі орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы,ардагер ұлағатты ұстаздар, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға келген көпшілік алдымен аудандық мәдениет сарайының алдында білім беру ұйымдарының жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы көрме жұмыстарын тамашалады.

Шараның ашылуы, мемлекеттік Әнұранмен басталып, жұмыс регламенті бекітілді. Жиында  аудандық білім бөлімі басшысы Мұсатаева Жанат баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылында ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Бауыржан Қуанышбайұлы

сөз алып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің ашылумен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін бір топ ұстаздар  ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен, облыстық білім басқармасының  алғыс хаттарымен марапатталды.

Ауданның білім саласындағы өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жаңа оқу жылына қойған міндеттер сараланды.

Бірқатар ұстаздар жарыссөзге шығып, заманауи білім беру тақырыбы бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Шара соңында аудандық оқушылар үйінің  оқушылары ұстаздарына арнау өлеңдерін оқып, кеңес әуезді әнімен қорытындыланды.


ПІКІР ЖАЗУ