Сауран: аудан әкімі білім ордаларының жылу қазандықтарын тексерді

0

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудандағы білім ордаларының жылу қазандықтарын тексеріп, жылу беру маусымының жұмыстарын бақылаудан өткізді. Бұл тексеріс білім мекемелерінің қысқы кезеңдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Ауданда 44 мемлекеттік және 18 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар, 13 мемлекеттік және 44 жекеменшік балабақша бар. Оқу ордалары мен балалар мекемелерінің жылыту жүйелерінің тиімділігі мен қауіпсіздігі әкімнің басты назарында.

Білім мекемелерінің жылу жүйелері әртүрлі: 35 мектеп қатты отынмен, 2 мектеп сұйық отынмен, 7 мектеп газ жүйесімен қамтамасыз етілген. Балабақшалар арасында да жылу жүйелері әртүрлі: 10 балабақша қатты отынмен, 3 балабақша газ жүйесімен қосылған. Әкім тексеріс барысында әрбір оқу ордасындағы жылу қазандықтарының жағдайына ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ,  аудандағы білім мекемелерін жылу беру маусымында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ